Өңір су тасқыны қаупі бойынша орташа тәуекел аймағына жатады. Бұл туралы Қазгидромет мамандары хабарлады. Қазір топырақтағы ылғал қоры қалыпты мөлшерден төмен. Дегенмен, жергілікті билік көктемгі су тасқынының алдын алуға дайындықты күшейтіп, облыс орталығын қорғау шараларын толық әзірлікке келтірді. Дайындық қала әкімдігінде өткен жиында талқыланды.