Кеше Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрдың кіші залында «Біз қызбыз» атты қойылым көрерменге жол тартты. Өмір айнасындағы алты бейне сомдалған спектакльде - некеге мәжбүрлеу, сталкинг және отбасылық зорлық-зомбылық тақырыптары қаузалды. Қойылымды Қ.Жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік университетттің «Музыка және хореография» кафедрасының 3 курс студенттері сомдап шықты. Жалпы, көріністің өрбуіне облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мұрындық болған.