Қаладағы ірі сауда орталықтарының бірінде келушілер үшін мерекелік концерт ұйымдастырылды. Жиналғандарға наурыздың он бесі күні деп белгіленген референдумның маңызы туралы айтылды. Ата заңның жаңа жобасын көпшілік болып қолдап, ел өмірі үшін маңызды оқиғадан қалыс қалмауға шақырды. Күннің суығына қарамай қолдарына көк ту ұстаған ақтөбеліктердің көңіл күйі де көтеріңкі.