Қытай компаниясы аймақта инвестициялық жобаларды іске асыруға қызығушылық танытып отыр. Бүгін облыс әкімі қытай компания өкілдерімен кездесті. Онда тараптар екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын және өңірде инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.
Асхат Шахаров Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық ынтымақтастық жаңа деңгейге көтеріліп келе жатқанын айтып, Beijing Jynai Yannfang Holding Group компаниясымен әріптестікті инвестиция тартудың перспективалы бағыты ретінде қарастыратынын жеткізді. Кездесу аясында облыстың инвестициялық әлеуеті таныстырылып, одан кейін компания директорлар кеңесінің төрағасы Жин Пэнг ынтымақтастықтың ықтимал бағыттары бойынша өз ұсыныстарын жеткізді. Тараптар қол жеткізілген уағдаластықтар ұзақмерзімді және өзара тиімді әріптестіктің негізіне айналатынына сенім білдірді.