Жаңа Конституция - мемлекет пен азаматтар арасындағы жаңартылған қоғамдық келісім. Respublica партиясы алғы сөзінен бастап түбегейлі өзгерген басты құжатты осылай бағалады. Партия төрағасы Айдарбек Қожаназаровтың сөзінше, ата-заңда адам құқығын қорғауға, білім мен ғылымға, сондай-ақ отбасылық институтты күшейтіп, елдің аумақтық тұтастығын сақтауға баса мән берілген. Өңірлік партия жетекшілері де реформаның мән-маңызына тоқталып, ойларын ортаға салды. Жиынға қатысушылар жалпыұлттық талқылауға белсенді қатысуға дайын екенін айтып, тұрғындарды да ауқымды өзгерістерге атсалысуға шақырды