Елімізде жыл сайын 800-ден аса баладан жәбірленуші немесе куәгер ретінде жауап алынады. Тергеу сотында кәмелетке толмағандардың айғақтарын депонирлеу мәселесі бүгін халықаралық семинарда қаралды. Қазақстанда депонирлеу институты 2015 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Яғни, қылмыс болғаннан кейін кәмелетке толмаған жәбірленушіден не болмаса куәгерден тергеу судьясы жауап алады. Кейін балалар сот отырыстарына қатыстырылмайды. Бұл баланы психологиялық тұрғыда қорғау және әділ сот төрелігін жүргізуге бағытталған дейді мамандар. Әрі шетелдің озық тәжірибесі елдегі процессуалдық тәсілдерді заманауи деңгейге көтеруге көмектеседі деген сенімде.