«Алақай» қуыршақ театрында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар «Қасқыр мен жеті лақ» мюзиклін сахналады. Қойылымға аутизм, Даун синдромы, психикалық дамудың тежелуі, сөйлеу бұзылыстары, интеллектуалдық ерекшеліктері және басқа да диагноздары бар 32 бала қатысты. Премьера барысында жас әртістер ән айтып қана қоймай, музыкалық аспаптарда ойнап, түрлі рөлдерді сомдады.
Музыкалық нөмірлер, би көріністері және шағын театрлық сахналар көрермен назарына ұсынылды. Музыкалық қойылымды облыс әкімі Асхат Шахаров тамашалап, ерекше балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту мен инклюзивті мәдени жобаларды қолдаудың маңызын атап өтті.
Аймақ басшысы ұжымға және жас әртістерге шығармашылық табыс тіледі.