Облыстық мәслихат депутаттары мен басқарма басшылары жиналып, облыстың биылғы бюджетін нақтылады. Қазына қаржысының әр тиыны сараланып, жылдық жоспар талқыланды. Халық қалаулылары депутаттық сауалдар жолдап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін ұсыныстарына қолдау сұрады.