Ақпан айының алғашқы бейсенбісі - дүниежүзілік сайлау күні. Осы ретте Ақтөбе қалалық аумақтық саулау комиссиясы сайлау апталығын өткізуде. Шара аясында ашық тәрбие сағаттары, пікірталас, дөңгелек үстелдер өтеді. Бүгін Жұмабек Тәшенов атындағы №68 орта мектебінде саяси науқанның өту процесі рөлдік ойын түрінде оқушыларға көрсетілді.