Қазақстан бүгінде маңызды тарихи кезеңнен өтуде. Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева осылай деді. Конституция – жүргізіліп жатқан жаңғырудың басты кепілі. Құжат сарапшылар тарапынан жан-жақты талқыланып, кейін қоғамдық бағалауға ұсынылады. Министр жаңа Конституция жобасы қоғамның әділеттілік пен жаңаруға деген сұранысына нақты жауап екенін айтты. 1995-жылғы Ата заң енді қалыптасып жатқан елдің құжаты болса жаңа Конституция толық қалыптасып жетілген елдің бас құжаты болмақ.