Дәрігерлердің құқығын қорғау және олардың мәртебесін көтеруге бағытталған шаралар кадр тапшылығы мәселесін біртіндеп шешуге мүмкіндік беріп отыр. Бастаманы үкімет Президент тапсырмасын орындау мақсатында қолға алған. Мамандардың айтуынша, бұл бастама әсіресе жастардың медицина саласына деген қызығушылығын арттырған. Мәселен, өткен жылы диплом алған түлектердің 88 пайызы мамандығы бойынша жұмысқа орналасты. Мемлекет тарапынан дәрігерлерге көрсетілетін қолдау да күшейген. Атап айтқанда, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы, қызмет барысында медициналық қызметкерлерге қол көтергендерге қылмыстық жауапкершіліктің қатаңдатылуы, дәрігер балаларына балабақшадан орын беру тәртібінің жеңілдетілуі және жалақының өсуі.