Жаңа Конституция – еңсесін тіктеп, жарқын болашаққа қадам басқан мемлекеттің негізгі темірқазығы болмақ. Құжат еліміздің тарихы мен болашағын байланыстырып, заң мен тәртіпке, ғылым мен білімге негізделген. 


Конституциялық реформа жөніндегі комиссия жұмысы қауырт жүріп жатыр. Бүгінгі бесінші отырыста талқылаудың кезекті отырысында да түрлі ұсыныстар мен пікірлер айтылды.