Бүгін облыстық полиция департаментінде "Погонды журналист" республикалық байқауының қатысушылары марапатталды.
Еске салсақ, қауіп пен қатерге толы полицейлердің жұмысымен жақын танысып, кәсіби формасын киіп көрген тілшілер полицейлердің қоғамдағы маңызды рөлін айқындайтын түрлі материалдар дайындаған болатын. Ақпарат алаңының сарбаздарына облыстық полиция департаменті бастығы Қайрекен Жетпісбайұлы алғыс білдіріп, ішкі істер министрі Ержан Сәденовтың атынан алғыс хаттарды табыстады.
Марапат алып, мерейі тасығандардың арасында арнамыздың жаңалықтар бөлімінің шеф-редакторы Нұрболат Қуантайұлы да бар.