Мемлекет басшысы жастар мәселесіне әрдайым ерекше көңіл бөледі, бұл тақырып Ұлттық Құрылтайдың кезекті отырысында да назардан тыс қалмады. 


Президент "Таза Қазақстан" жалпыхалықтық акциясына, қайырылымдылық шараларға қатысып жүрген белсенді жастар мен еріктілердің игі істерін жасампаз отаншылдықтың жарқын көрінісі деп атады. 


Жастардың күш-қуаты, ынта-жігері, жаңашылдығы мен жасампаздығы кез келген салаға зор серпін беретінін айшықтап өтті.