Қаламызда республика бойынша ең үлкен инклюзивті спорт кешені ашылды. Онда 20-ға жуық спорт түрі қамтылған.
Бүгін аймаққа жұмыс сапарымен келген туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов облыс әкімі Асхат Шахаровпен бірге су жаңа кешенді аралап, спортшылармен жүздесті. Сонымен қатар, "Visit Aktobe" туристік - ақпараттық орталығының жұмысымен танысты