Сонымен қатар, Мемлекет басшысы білім мен ғылымға көбірек көңіл бөлініп, жоғары технология саласына қомақты инвестиция салынатынын айтты. Себебі - адам капиталының сапасын арттыру мемлекеттің басты міндеті. Әсіресе, қазіргідей әлем күн санап қарыштап дамыған кезеңде жалған ұрандату мен жұртты жарылқайтын форумдарды азайту жөнінде нақты міндеттер жүктеді. Цифрландыру және жасанды интеллект жылы жәй тренд емес, нақты нәтиже көрсететер кезең деді. Ұлттық Құрылтайда көтерілген мәселелер мен Мемлекет басшысы ұсынған шешімдер жөнінде философ Айнұр Болысбаева пікір білдірді.