"Құрылтайдың тарихи аясы да, мағынасы да халқымызға түсінікті, жақын. Жалпы, еліміздің саяси жүйесінде Құрылтай атауын аса маңызды мемлекеттік институттың символы ретіне сақтап қалуымыз керек деп ойлаймын, - деді Президент. 


Құрылтай- қазақ тарихындағы ұлы ұғым. Бір палаталы Парламентке ұлттық атау беру- құптарлық шешім деп санайды депутаттар.