Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтіп жатыр. Онда мемлекет басшысы сөз сөйлеп, елдің алдағы даму бағдары мен қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ойларын ортаға салды.
Құрылтайдағы талқылауға танымал мемлекет және қоғам қайраткерлері, саяси партиялардың, үкіметтік емес сектордың, бизнес-қауымдастықтардың, сараптамалық қауымдастықтың және облыстардың қоғамдық кеңестерінің өкілдері келді.
Еске сала кетейік, Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы 2022 жылы Ұлытауда, 2023 жылы Түркістанда, 2024 жылы Атырауда, Ал былтыр Бурабайда өткен болатын.