Қалада 17 мыңнан аса мүгедектігі бар тұрғын болса, оның 10 мыңы арнайы жабдықтармен қамтылуы тиіс. Өңірде 2025 жылы бұл бағыттағы кешенді жоспар толық орындалды. Сонымен қатар, "Күміс жас" , "Жастар практикасы" жобалары да сәтті жүзеге асты. Биыл да бұл жұмыстар жалғасады. Бұған қоса , бұл жылы скорингтік жүйе енгізілмек. Әзірге жоба пилоттық режимде Шымкент,Қарағанды қалаларында қолға алынды. Ал мамыр айында республика бойынша қолданылады.