Қазақстанда жасанды интеллект орталығы құрылуы мүмкін. Қазір ғылым саласына осы жаңашылдықты енгізу үшін Қытайдың бірнеше компанияларымен қарқынды жұмыс атқарылып жатыр. 

Бұл жөнінде Ұлттық ғылым академиясының президенті, Ұлттық құрылтай мүшесі Ақылбек Күрішбаев арнамызға берген сұхбатында айтты. Ол ақылды технологияның маңызына тоқталды.