Елімізде төрт университетке супер компьютер алынды. Бұл-жоғары оқу орындарын заман талабына сай трансформациялау үшін жасалған маңызды қадам. Қызылордада өтіп жатқан ұлттық құрылтай алаңында ғылым мен білім саласын дамыту бағытында жан-жақты ұсыныс-пікірлер талқыланды. 


Секция отырысында алдымен осы кезге дейін құрылтай мүшелерімен көтерілген бастамалардың орындалу нәтижесі сөз болды. Соның бірі елде ғылым мен өндірісті ұштастыратын ғылыми қалашықтар салу идеясы. Ол бойынша бүгінде заң жобасы әзірленіп, Мәжіліске жолданған.


 Құжатта Алматы, Астана мен Курчатовта ғылыми қалашықтар салу көзделген. Сондай-ақ, «Қазақстан балалары» атты ауқымды бағдарлама жасалып жатыр. 


Бұған дейін ерекше балалармен жұмыс істейтін педагогтар арнайы оқытылатын болса, енді елдегі 56 жоғару оқу орнында білім алып жатқан жас педагогтар инклюзия әдіс-тәсілін меңгеріп шығады. Құрылтай отырысында мұнан бөлек, жасанды интеллект ілімі кеңінен талқыланды