Жастарымыздың күш-қуаты мол, үміті мен сенімі зор әрі азаматтық сана-сезімі өте жоғары. Олар – бар ықыласымен болашаққа ұмтылатын отаншыл азаматтар. Мемлекет басшысы "Turkistan" газетіне берген ауқымды сұқбатында ел жастарынан үлкен үміт күтетінін тілге тиек еткен болатын.
Яғни, өскелең ұрпақ бүгінгі ахуалға арман-қиялмен емес, нақты көзқараспен қарауы қажет. Виртуалды емес, шынайы әлемде өмір сүруі керегін де баса айтты. Бұл тұста аймақ жастарының жанашырлары Президенттің өзекті сұқбатына пікір білдірді.