Президент Қазақстанды цифрлық державаға айналдыру міндетін қойды. Озық технологиялар саласында біз цифрлық шешімдер мен қызметтерді сәтті жасап, сата білетін жетекші елдердің қатарына кіруіміз керек.
Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр осылай деді. Олжас Бектенов Президенттің цифрлық мемлекетті қалыптастыру және озық технологияларды дамыту бойынша стратегиялық міндет қойғанына назар аударды. Сондай-ақ былтыр істелген жұмыстарға тоқталды.
Атап айтсақ, Заңнамалық база жасалды, есептеу қуатын сатып алу қамтамасыз етілді, Alem.ai ұлттық жасанды интеллект орталығы іске қосылды. Қазақстандық IT-қызметтер экспортының көлемі өткен жылы шамамен $1 млрд долларға жетті.