Өңірге жұмыс сапарымен келген мәжілісі депутаты Серік Егізбаев Қарғалы ауданындағы "Степное" шаруа қожалығына барды. Егін егіп, мал бағып, ата кәсіппен аты аймаққа жайылған қожалықтың наны мен шұжығы ақтөбеліктердің дастарханының сәні. Ал қожалық иесі жақында ғана "Еңбек ері" атанған - Аманғос Төлеуов.