ҚР Парламентінің вице-спикері Дания Еспаева мен мәжіліс депутаты Қазыбек Әлішев жыл басын өңірге іс - сапармен бастады. Бүгін олар екінші деңгейлі банк қызметкерлерімен кездесіп, "Салық" кодексіндегі жаңашылдықтар мен қаржы саласында қабылданған шешімдер барысын таныстырды. Халық қалаулылары қаржыгерлер жиі тап болатын қиындықтар және оны шешу мақсатында былтыр қабылданған оң шешімдерді тілге тиек етті. Әрі алаяқтық фактілерінің жолын кесу бағытында атқарылған жұмыстарды да айтып берді.