Былтыр өңірде 14 мың оқушыға шақталған 29 мектептің құрылысы жүргізілді. Жыл ішінде оның 10-ы қолданысқа берілсе, қалғаны осы жылдың еншісінде. Жаңа жылда ерекше балаларға арналған 300 орындық балабақшаның іргетасы қаланбақ. Аймақтық коммуникациялар алаңында облыстың бас ұстазы білім саласындағы басты жаңалықтармен бөлісті.