Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Түркістан" газетіне берген көлемді сұхбатында: "Қазақстан цифрлық державаға айналуы керек. Бұл – қазіргі жаңа технология дәуірінде өркениетті ел болып қалудың бірден-бір жолы. Халқымыздың ой-санасы мұндай инновацияларға дайын екеніне сенімдімін", деген болатын. Президент бастамасының ұтымды тұстарын өңірдегі жоғары оқу орындарының оқытушылары талқылап, пікір білдірді