Өңірде Президент пәрменімен жылқы шаруашылығы және жемшөп өндіру ғылыми-зерттеу институты ашылады. Еліміздегі бірегей орталық мамандары Қамбар ата төлін асылдандырумен айналысып, жылқы еті, қымыз экспортының әлеуетін арттыру, ұлттық спорт түрлерін дамытуға ден қояды. Нысан құрылысымен бүгін мәжіліс депутаты Серік Егізбаев танысты