Биыл қазақ әдебиетінің алыбы, қаламы қарымды жазушы Ілияс Есенберлиннің туғанына - 111 жыл. Талантты тұлғаның есімі берілген қаладағы №15 орта мектепте әдеби кеш өтті. Рухани танымдық шара жазушының туған күніне орай ұымдастырылды. Ұстаздар қауымы Ілияс Есенберлиннің шығармашылығы мен еңбек жолынан сыр шертсе, оқушылар көрініс сомдады.