Алға ауданы Маржанбұлақ ауылында балабақшадан өрт шықты. Оқиға орнына жедел жеткен ерікті өрт сөндіру пунктінің құтқарушылары тілсіз жауды дер кезінде ауыздықтады. Олар 60 адамды, оның ішінде 50 баланы эвакуациялады. 


Жедел іс-әрекеттің арқасында барлығы аман қалды, зардап шеккендер жоқ.