Ертең, сейсенбі қаңтардың 6-сы күні аймақта ақ ұлпа күтілуде. Әсіресе батыс, шығыс және солтүстік өңірлерде қар аралас жаңбыр жауу ықтимал. Жел күшейіп, көктайғақ болуы мүмкін. Батыс, оңтүстік бөліктерде тұман күшейеді. 


Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 9-14 метрге дейін, шығыс аумағында 20 метрге дейін ұйытқиды. Ауа температурасы түнде және күндіз 5 градусқа дейін суиды. Облыс орталығында түнде қар, күндіз желді ауа райы күтілуде.