Мерекеде жұрт демалғанда жолшылар дамыл тапқан жоқ. Демалыс күндері облыс аумағында толассыз қар жауып, жаңбыр аралас жауын-шашыннан жолдарды мұз басты. Осы ретте халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдарда жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қар тазалау жұмыстары тәулік бойы жүргізілді.