Қаржы мониторингі агенттігі желотоқсан айынан бастап «Қаржы сақшысы» республикалық интерактивті ойынын өткізіп жатыр. Жасөспірімдерге қаржылық тәуекелдерді тану және цифрлық қауіптерге қарсы тұруға мүмкіндік беретін жобаға өңірімізден 20 мыңнан астам білім алушы қатысып үлгерген.
Бұл жолы кезекті ойын байқауы «Заң мен тәртіп» қағидатына сай қаладағы Назарбаев зияткерлік мектебінде өтті.