Аймақ басшысының қатысуымен облыстық мәслихаттың кезекті 22-ші сессиясы өтті. Депутаттар алдағы үш жылдың бюджетін талқылап, облыс, қала және аудандық қазына қаражаттарынның арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы айтты.
Бұдан бөлек күн тәртібінде облыстың 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспары нақтыланды.