Қалада №10 орта мектеп базасында облыстық ашық алаң өтті. Онда оқушының болашақ тұлға болып қалыптасуына сынып жетекшісінің тигізер әсері мол екені айтылды. Басты мақсат - жасөспірімдердің тәрбиесі, қауіпсіздігі және психологиялық әл-ауқаты мәселелері бойынша мектеп, ата-ана және қоғамның өзара іс-қимылын күшейту.
«Адал азамат»-Біртұтас тәрбие бағдарламасын мазмұнды әрі сапалы жүзеге асыру. «Заң және тәртіп» қағидаты аясында өткен іс-шара соңында педагогтерге «Еркін микрофон» ұсынылып, олар өз пікірін білдірді.
Шараға 120 педагог пен заң саласының өкілдері қатысты. Ал 2 мыңнан астам маман онлайн форматта тыңдады.