Мәртөкте "Құқық" кабинеті жұмыс істеп тұр. Бір жыл бұрын іске қосылған жоба "Заң мен тәртіп” тұжырымдамасы аясында ауылдық округтегі әкімдік ғимаратынан ашылды. Онда жыл басынан бері 100-ге жуық ауыл тұрғынының өтініші мен ұсынысы қаралды. Қызметкерлер тұрғындарға ақпараттық көмек көрсету арқылы құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыруды, құқықбұзушылықтардың алдын алуды және азаматтар арасында құқықтық мәдениетті нығайтуды мақсат етеді. Ауыл тұрғындары мұнда ашық порталға салынған нормативтік құқықтық актілер, аудандық мәслихат шешімі, аудан әкімі қаулылары және ауылдық округ әкімдерінің шешімдерімен таныса алады. Егер жобаларға келіспесе немесе қарсылық танытса, порталдағы пікір бөлімінде көзқарасын білдіре алады.