Шалқарда орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні атап өтілді. Жаздыгүні жасыл алқапты күзетіп, күз-көктемде тал егу шараларына тартылатын мамандардың еңбегі айрықша. Табиғат байлығын баптап, күтім жасап әрі сақтап отырған орманшылардың орасан еңбегі еленіп, мерекелік марапат алды. Қызметкерлер үшін семинар өтті.