Аймақ басшысы азаматтарды жеке қабылдады. Әкіммен кездесуге зейнеткерлер, көпбалалы аналар, жалғызбасты аналар, мүгедектігі бар азаматтар және тұрмыстық әрі инфрақұрылымдық қиындықтарға тап болған қала тұрғындары келді. Өтініштердің негізгі бөлігі әлеуметтік қолдау, тұрғын үй жағдайын жақсарту, жер телімдерін бөлу және коммуналдық инфрақұрылымның жай-күйіне қатысты болды.

Облыс әкімі тұрғын үй беру тек кезек тәртібімен және қолданыстағы заңнама аясында жүзеге асырылатынын атап өтті. Қабылдау қорытындысы бойынша өңір басшысы облыстық басқармалар мен қалалық қызметтердің басшыларына азаматтардың өтініштерін жедел зерделеуді тапсырды. Азаматтардың өтініштері құзырлы органдармен зерттеліп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес қаралады.