Ұлттық нақыштағы киім - әр елдің мәдениеті мен рухани әлемінің көрінісі. Бүгінде қазақы шапан мен ою-өрнекпен әспеттелген киімдер күнделікті қолданыста. Бұрындары тек той-томалақ пен жиындарда киілетін шапан мен шекпенді қазір әр қазақтың үстінен көресіз. Ұлттық киімдерді дәріптеп жүргендердің дені - дизайнерлер. Арнамыздың түсірілім тобы он саусағынан өнер тамған тігін маманымен танысып қайты.