Өңірде 144 мемлекеттік мекеме мен ұйым тексеруден өтті. Мониторинг барысында Мемлекеттік Ту мен Елтаңбаның орналастырылуының белгіленген талаптарға сәйкестігі, рәміздердің күтімі және оларды жарықтандыру мәселелері қаралды.
Тексеріс нәтижесімен қолға алынған шаралар өңір басшысы Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен комиссия отырысында айтылды.