"Заң мен тәртіп" жобасы өз нәтижесін бере бастады. Ақтөбелік студенттер осындай пікірде. Бұған дейін жиі құқықбұзушылық тіркелетін оқу орындары қазір белсенді жастарымен көш ілгері келеді. 


Ай сайын жүргізілетін рейдтік іс-шаралар да түнгі мезгілде көше кезетін жастардың санын азайтып, заңбұзушылықтардың алдын алуда. Құқықтық мәдениетті қалыптастыратын жоба аясында тағы бір оқу ордасының білім алушыларымен жүздесу өтті.