Осыдан 20 жыл бұрын Қазақстанда халыққа қызмет көрсету орталығы құрылды. Ал 2006 жылы Ақтөбе қаласы мен Мәртөк ауданында жұмысын бастаса, 2007 жылы облыс аудандарында біртіндеп ашыла бастады. Осы уақыт ішінде орталық бірқатар трансформациядан өтті. Заман талабына сай өзгеріп, қызметтердің басым бөлігі онлайн форматта беріледі. Мерейтой аясында өңірге еліміздің түкпір-түкпірінен мейман келіп, бірқатар маманға арнайы медаль мен алғыс хат табыстады.