Шаһарда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған рейдтік шаралар өтті. «Заң және тәртіп» қағидаты аясында патрульдік полиция бір түннің ішінде 60-тан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықтады.
Оның ішінде төрт жүргізуші мас күйінде көлік басқарған, тоғыз адам жүргізуші куәлігінсіз көлік тізгіндеген. Сондай-ақ он бір жағдайда тұрғындардың тыныштығын бұзу фактілері тіркелді. Бұдан бөлек, патрульдік қызмет экипаждары азаматтардан түскен 68 шақыртуды орындады.
Олардың арасында отбасылық жанжалдар, қоғамдық тәртіпті бұзу және күмәнді тұлғалар туралы хабарламалар бар.