Экономиканың бірнеше саласында өсім бар. Ырғыз ауданының тоғыз айдағы дамуын қорытындылаған аудан басшысы осылай деді. Ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім 14 миллиард теңге жуықтаған, тартылған инвестиция көлемі 13 миллиард теңгеден асты. Бөлшек сауда мен көтерме саудадағы сандар да былтырғы кезеңнен асып түскен. Сондай-ақ аудан бюджетіне түскен кіріс те биыл 1 миллиард теңгеден асып, жоспарды артығымен орындапты. Ендігі жоспар қандай?