Бүгін қалада "Фариза оқулары" өтті. Бұл поэзия падишасының мұраларын насихаттауға бағытталған шаралардың бірі. Сайыс Нұрпейіс Байғанин атындағы балалар кітапханасында ұйымдастырылды. Байқау биыл екінші рет өтіп отыр.
Жарыс талабына сәйкес қатысушылар жас ерекшелігіне қарай 3 топқа бөлініп сайысты. Ерекшелігі сол оқыған өлеңдерін оқушылардың өздері де түсінуі шарт.
Сондықтан ақынның мазмұны күрделі туындылары жарыста оқылмады.