Шаһарда дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған біліктілікті арттыру семинары өтті. Онда қатысушыларға діни экстремизмнің алдын алу шаралары түсіндірілді. Жиын әдістемелік, ұйымдастырушылық және практикалық көмек көрсету, біліктілікті арттыруға бағытталды. Ұйымдастырушылар өзекті діни тақырыптарға ой жүгіртіп, өңірдегі рухани, діни ахуалды тұрақты сақтаудың тетіктерін түсіндірді. Айта кетейік, семинар ертең де жалғаспақ.