«Алтын орда» шағын ауданында 35 мыңға жуық көрерменге арналған жаңа футбол стадионының құрылысы басталды. Жұмыс қарқынды, бекітілген кестеге сәйкес атқарылып жатыр. Негізінен нысан 25 гектар аумақта бой көтермек. 


Қазіргі уақытта аумақтың қоршауы аяқталып, құрылысқа дайындық жұмыстары жалғасуда. Нысанды салудағы басты мақсат - аймақта бұқаралық спортты дамытып, өңірлік футбол клубы ойыншыларына қолайлы жағдай жасау, дейді өңір басшысы.