Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев өңірге іс-сапары аясында ақтөбелік жастармен де кездесті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауының басым бағыттары айтылды.
Мемлекет тарапынан жастарға жасалып жатқан қолдау мен әлеуметтік маңызды жобалар да назардан тыс қалмады.