Алға ауданында халықтың басым бөлігі спортқа ден қойған. Бүгінде 43 мың тұрғынның 22 мыңы салауатты өмір салтын сақтап, бұқаралық спортпен айналысып жүр. Алдағы уақытта аудан орталығы мен Маржанбұлақтағы спорт кешендерінің құрылысы аяқталса, бұл көрсеткіш бірнеше есе артуы мүмкін деді - аудан басшысы. Алғаның 9 айдағы жетістігін саралаған аудан әкімі, атқарылған ілкімді істер мен көптің әл-ауқатын арттыратын ауқымды жобалар жайын айтып бөлісті.