Қарғалы ауданы жыл басталғалы жеті миллиард теңгенің өнімін өндірді. Егінін жиып, қамбасын 130 мың тоннадай астыққа толтырды. Биыл егіс жылдағыдан бітік шығып, жоғары өнімділік көрсетті. Инвестиция тарту жұмыстары да қарқынды. Келер жылы ауданға қыруар қаржы әкеліп, жергілікті жұртты жұмыспен қамтитын жобалар жоспарда тұр.